Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№ 9 қалалық емханаға мониторингтік сапар

ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу облыстық орталығының эпидемиолог-дәрігері А. С. ЦЗИ АИТВ-жұқпасының 90/90/90 стратегиясымен, ҚР және Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Ағымдағы жылдың 6 айында АИТВ-ға тестілеу бойынша № 4 нысаны, № 9 ҚЕ жұмысы ұсынылған. Тыңдаушылардың назарын АИТВ, В және С вирусты гепатиттерінің жұқтыру қаупімен байланысты апаттық жағдайлардың модельдеріне, сондай-ақ олар туындаған кезде шұғыл көмек көрсетуге аударды.

ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Қ. Б. Аушенова тұрғындар мен жастарға АИТВ білуіне сауалнама жүргізу, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыру туралы айтты.

Сөз соңында семинарға қатысушыларының сұрақтарына жауаптар берілді.

Қамту- № 9 қалалық емхананың 25 медицина қызметкері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған