2020 жылдың 17 ақпанында № 26 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған дәріс оқылды. Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының әлеуметтанушысы Мереке Бегманова Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС берілу жолдары, берілу факторлары, алдын алу шаралары, зерттеу әдістері, эпидемиологиялық ахуал туралы айтты. Оқушыларға сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді. Іс-шарамен 98 адам қамтылды.