Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Жүрек» кардиохирургиялық клиникасындағы семинар

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері В.Г.Когай және Т.М.Мамедова «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: ҚР және Жамбыл облысындағы 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылға АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, ҚР ДСМ № 39, 508 бұйрықтары, апаттық жағдайлардың үлгілері және кәсіби байланыс жағдайында іс-әрекет алгоритмі, байланыстан кейінгі алдын алу, АИТВ-ға тексерілушілерді кодтау ережелері, есеп беру құжаттарын толтыру және ұсыну ережелері. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған