Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Кәсіподақ жұмысының қорытындысы мен ардагерлерге құрмет көрсетілді

2025 жылғы 26 қыркүйекте Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында кәсіподақ комитетінің есеп беру жиыны өтті.
Жиында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Сатмаханова «2023 жылғы қараша айынан бастап, 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейінгі аралықтағы атқарылған жұмыстар» бойынша есеп берді. Есеп барысында ұжым мүшелерінің әлеуметтік құқықтары мен еңбек мүдделерін қорғау, корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымдық келісімшарттың орындалуы, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен материалдық көмек көрсету мәселелері қамтылды.
Кәсіподақ жұмысының нәтижесі ретінде қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар шаралардың іске асқаны атап өтілді.
Одан кейін орталық қызметкерлері – А.Кабанбаева, А.Науанова және А.Аубакирова зейнеткерлікке шығуына орай әріптестері мен басшылық тарапынан құрметке бөленді.
Ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Г. Калметова зейнеткерлерге жылы лебізін білдіріп, көп жылғы адал еңбектері үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ орталықтың бөлім меңгерушілері де сөз алып, ардагер әріптестерінің кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтіп, шын жүректен шыққан құттықтауларын жеткізді.