Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медициналық қызметкерлерге семинар өтті

🔹«Жанұя» емханасының жанындағы Жастар денсаулық орталығында медицина қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова өткізді.

🔹Семинар барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, эпидемиологиялық жағдай, кәсіби жұқтыру қаупі және байланыстан кейінгі профилактика бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар И.Досымова орталықтың 6 ай ішінде атқарған жұмыстары мен профилактикалық шараларының нәтижелерімен танысты.

📍Семинар аясында жастармен жұмыс істеудің тиімді жолдары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру және ЖИТС-тің алдын алудағы тәсілдерікеңінен талқыланды. Қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу арқылы кәсіби тұрғыда білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.