Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді

🔹Ағымдағы жылдың 10 шілде күні Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күресу орталығының мобильді тобы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз қаласы Полиция басқармасының Қабылдау-тарату орны қызметкерлеріне медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.

🔹Шара барысында 14 қызметкерден иммунды-ферменттік талдау (ИФТ) әдісімен қан үлгілері алынып, 2 қызметкерден жедел тест алынды. Бұл шара – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алу және ерте анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

🔹Сонымен қатар, орталықтың мамандары АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және ерте диагностиканың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.