Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің мамандары Ахметова Г.,Сагадиева А., және алдын-алу бөлімінің эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі Мартынова В. Жамбыл аудандық орталық ауруханасы және емханасы медициналық қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Сонымен қатар аталмыш жиында ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды. Семинарға 79 медицина қызметкерлері қатысты