«Мейірім» жастар денсаулық орталығы ашық есік күнін ұйымдастырды
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай №8 қалалық емхананың «Мейірім» жастар денсаулық орталығы тұрғындарға арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс әрі ғылыми дәлелденген ақпарат беру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Келушілер үшін тегін кеңес беру, жылдам тестілеу, дәрігер-мамандармен жеке әңгімелесу мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Жастар арасында қауіпсіздік ережелері, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау тақырыптарында ақпараттық жадынамалар таратылды.