Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Мемлекеттік қызметшілер үшін дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚ кәсіпорнының  Жамбыл облыстық филиалында  мемлекеттік қызметшілер үшін  АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің АИТВ/ЖИТС мәселесіне қатысты білім деңгейін арттыру және қоғамда бұл туралы дұрыс ақпарат беру.

Аталған шараға Жамбыл облысы бойынша басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер, яғни аудан әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты. Бағлан Джарлықасынұлы өз сөзінде АИТВ/ЖИТС алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Бұл инфекцияның таралуын болдырмау үшін әр азаматтың жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтты.

«АИТВ/ЖИТС тек медициналық мәселе ғана емес, бұл — әлеуметтік мәселе. Осы себепті әрбір мемлекеттік қызметші АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар, барлық сала өкілдері орталықпен бірлесе жұмыс атқарса, яғни қызметкерлер арасында іс-шара өткізуімізге қолдау білдірсе», – деген ойын жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге АИТВ/ЖИТС мәселесіне қатысты мемлекеттік бағдарламалар, заңдар мен бастамалар таныстырылды. Бағлан Джарлықасынұлы мұндай шаралардың қоғам арасындағы түсіністік пен ақпараттандыруды арттыру үшін өте маңызды екенін айтты.

Шара барысында қатысушылар  сұрақтар қойып, АИТВ/ЖИТС-тің таралуы, алдын алу шаралары туралы жан-жақты жауаптар алды. Қатысушыларға ЖИТС орталығының қызметтері, алдын алу жұмыстары мен АИТВ/ЖИТС мәселесіне қатысты қорқыныш пен стигманы жеңу жолдары түсіндірілді.

Қорыта айтқанда бұл  іс-шара мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша қоғамда тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған маңызды қадам болды.