🔰2025 жылдың 28 қаңтар күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында маңызды семинар өтті. Семинардың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аясында «Гемотрансфузия және трансплантация алған реципиенттердің (азаларды, тіндерді, бағаналы жасушаларды не басқа да биоматериалдарды трансплантациясы) емханалық бейіндегі медициналық мекемелерде АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-карау тәртібі». Аталған іс-шараға Жамбыл облысы бойынша денсаулық мекемелерінен реципиентке жауапты қызметкерлер қатысты.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Гулжан Қалметова ашып, қатысушыларды семинардың маңыздылығымен таныстырды. Ол АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, аурудың алдын алу шаралары және медициналық мекемелердегі бақылау жұмыстарын жетілдіру жөнінде сөз қозғады.
🔹Семинар барысында АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі м.а. Индира Досымова облыста жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық зерттеулер мен қадағалау жұмыстарын баяндады. Индира Досымова АИТВ таралуының алдын алу үшін медициналық мекемелердегі зерттеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
🔹Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Гулшат Ахметова да сөз берілді. Ол жоғарыда аталған тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медициналық мекемелерде АИТВ-ға зерттеу жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Гулшат Ахметова АИТВ-инфекциясының таралуын бақылаудың қазіргі әдістерін, сондай-ақ медициналық мекемелерде бұл инфекцияны алдын алу үшін жүргізілетін шараларды талқылады.
✅Семинарға қатысушылар өз кезегінде сұрақтар қойып, нақты мәселелер бойынша пікір алмасты. Қатысушылар бұл семинардың өте пайдалы екенін және АИТВ-ның алдын алу мәселелерінде үлкен өзгерістер мен жетістіктерге жету үшін бірлесе жұмыс істеудің маңызды екенін атап өтті.
Олыстық семинар өтті
