Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС орталығының негізгі құжаттары

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы «30» желтоқсандағы

370 қаулысымен бекітілген     

 

 

Утвержден

постановлением акимата

Жамбылской области

от «30» декабря 2016 года  № 370

 

 

 

 

 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

 

 

УСТАВ

КОММУНАЛЬНОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО КАЗЕННОГО ПРЕДПРИЯТИЯ

 «Жамбылский областной центр по профилактике и борьбе с синдромом приобретенного иммунодефицита управления здравоохранения  акимата Жамбылской области»

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы «30» желтоқсандағы

№ 370 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы 

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы» 

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

Жарғысы 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Жамбыл облысы әкімдігінің «30» желтоқсандағы 2016 жылғы № 370 қаулысына сәйкес құрылды және қайта ұйымдастырылған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттерінің құқық мирасқоры болып табылады.
  3. Кәсіпорынның құрылтайшылары Жамбыл облысы әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органы) болып табылады.
  4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын коммуналдық мемлекеттік меншік құқығын «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы)     болып табылады.
  6. Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
  7. Кәсіпорынның орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 64 үй.

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
  4. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні ЖИТС ауруларды және АИТВ жұқтырғандарды диспансерлеу, емдеу, диагностика сапасын жақсарту, АИТВ инфециясын алдын алу және   ертерек анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу болып табылады.
    1. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) адамның иммун тапшылығы вирусына тесттен өткізуге сертификаты есебімен адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының таратылуынан сақтауға бағытталған, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырып дайындау және жүргізу;

2) тұрғындардың және мінез құлқы қатерлі топтардың /қан дін және органдар донорлары, наркомандар, гомо-бисексуалдар, жезөкшелер, жыныстық қылмыс жасаған тұлғалар және одан зардап шеккендер/ адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясына эпидемиялық бақылау жүргізу;

3) құпияда сақталумен қатар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген, медициналық куәліктенген ережелерге сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусы /жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы/ ауруы пайда болған тұрғындарға скрининг жүргізу;

4) адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандарды және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы ауырғандарды тіркеу;

5) «адамның иммун тапшылығы вирусы болжамы» компьютерлік бағдарлама;

6) жұқтыру көздері мен жолдарын шығару, аурулармен байланысқан адамдарды табу, оларды адамның иммун тапшылығы вирусына тексеру, диспансерлік бақылау және басқа да эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру мақсатымен адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандардың және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы белгісімен ауырғандардың әрбір ошағына эпидемиологиялық бақылау жүргізу;

7) профилактикалық және эпидемияға қарсы тиімді іс-шаралар жүргізу;

8) Министрлік пен Қазақстан Республикасының ведомствасы арасындағы профилактика мен адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясы жөніндегі жұмыстарды координациялау;

9) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне, күнделікті қызмет көрсету саласы қызметкерлеріне қатысты иммун тапшылығы инфекция синдромын, ВИЧ жұқтырмау үшін шаралар қолдану. Егер де аталған ауруларды жұқтырған болса,  жұмысын тоқтата тұру немесе басқа жұмысқа ауыстыру;

10) адамның иммун тапшылығы вирусы /жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен/ ауырғандарды қорғау және арнайы көмек көрсету жөнінде іс-шаралар жүргізу;

11) көпшілік ақпарат құралдары /баспа, теледидар, радио, адамның иммун тапшылығы вирусы белгісіне қарсы ұйымдар және т.б/ арқылы тұрғындарға адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясы жөнінде мәліметтер жеткізуді ұйымдастыру және жүргізу.

  1. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

  1. Кәсіпорынды басқару

 

  1. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

4) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы:

1) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

2) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;

3) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

4) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

5) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

2) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорынның басшысы оның органы болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Тиісті саланың уәкілетті органы басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді.

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Кәсіпорынның мүлкі

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

 

  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) айқындайды.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) белгiлейдi.

Кәсіпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) белгiлейдi.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

  1. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
  2. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі.