Облыстық ЖИТС орталығы жанынан ЖИТС орталығы бас дәрігерінің № 1-Н бұйрығымен 2019 жылғы 03 қаңтарда пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚ және ІБҚ) жүйесі құрылды. Оны бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты дәрігер Исаев Айбек Ақылбекұлы басқарады.

Қызметтің мақсаты – Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында медициналық қызметтердің сапасын басқару, жұмыстағы ақаулардың алдын алуға, жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын бопсалау фактісіне, сондай-ақ, егер  медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа да мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз.

 

Науқастың құқықтарын қорғау мақсатында облыстық:

 

ЖИТС орталығының «сенім телефоны». «Сенім телефонының» нөмірі 501498 . Сенім телефонының жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

 

Сондай-ақ, медициналық ұйым сайтының бірінші басшысының блог-платформасына өтініш жібере аласыз.

 

Емдеу ғимаратында шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау жәшігі орналасқан.

 

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің төрағасына тікелей жүгіну – ЖИТС орталығы, әкімшілік ғимараты, 2 қабат, № 207 кабинет, немесе ПҚ және ШБҚ  орынбасары Гүлмира Қуандыққызы Темірбековаға, емдеу бөлімі, № 8 каб.

Медициналық ұйымның бірінші басшысының жеке қабылдауы. Азаматтарды қабылдау кестесі: әр сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Құзыретті дәрігерлерден денсаулыққа қатысты барлық мәселелер бойынша соll-орталығы  арқылы тұрғындарға кеңес беру.