Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Пациентті қолдау қызметі

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі

Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз!

Сіз, «Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы» КМҚК Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметіне келдіңіз.

Біздің медициналық ұйымда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабының 3-тармағына сәйкес «Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі» келесі құрамда жұмыс істейді:

Жетекшісі:

Исаев Айбек Акылбекович – бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Мүшелері:

Темирбекова Гульмира Куандыковна –  сарапшы дәрігер

Сатмаханова Лайла Ораковна – бас медбике

Мырзахметов Берик Муслимович – заңгер

Садыбекова Галия Ушкемпировна  алдын алу бөлімінің меңгерушісі

Калметова Гульжан Алдабергеновна – госпитальдық дәрігер эпидемиолог

Стратула Евгения Ивановна – Достық кабинетінің дерматовенерологы

Косбакова Гаухар Джандарбековна – сапа жөніндегі менеджер

Байкеева Анар Тойлыбаевна – статист дәрігер

Салпыкова Гульжан Жетписбаевна – персоналды басқару қызметінің басшысы

Иманалиева Меруерт Исламбековна – провизор

Егер Сіз:

  • медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
  • медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • медициналық персоналдың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
  • сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Сіз келесі әрекеттерді жасай аласыз:

– күн сайын сағат 10.00-ден 16.30-ға дейін сенбі және жексенбіден басқа күндері Пациентті қолдау қызметінің басшысы Исаев Айбек Ақылбекұлына (№ 207 кабинет) жеке хабарласу;

– ЖИТС орталығының медициналық ғимаратының бірінші қабатында орналасқан пошта жәшігіне мәліметтеріңізді (аты-жөні, байланыс телефоны) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыру;

– бас дәрігердің қабылдауына өтінішіңізді тіркеу;

– aidstaraz@med.mail.kz мекенжайына үндеу жолдау;

aids-zhambyl.kz интернет-ресурсы, бас дәрігердің блогы арқылы өтініш беру;

– байланыс орталығы тел. 8/7262/456532.

ЖИТС орталығының Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің негізгі қағидасы – «Осында және қазір».

ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарастырады және 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішіңізді қарау нәтижелері туралы ақпаратты береді.

Жазыңыз, хабарласыңыз және ұсыныстарыңызды білдіріңіз, біз ескереміз, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бар күш-жігерімізді саламыз.