Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тарихы

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы.

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы халық депутаттарының Облыстық Кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен 1989 жылдың 29 қазанында құрылған. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы денсаулық сақтау субъектісі болып табылады және АИТВ-індеті мен ЖИТС-тің алдын алуды, диагностикасы мен емін және төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:

1) өңірде АИТВ-індетінің алдын алу, диагностикасы мен емі бойынша іс-шаралардың үйлестірілуін жүзеге асырады;

2) жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен, әртүрлі ведомстволармен жәнее қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, АИТВ-індеті бойынша алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;

3) халықтың осал топтарына кешенді қызмет пакетін ұсынады, сонымен қатар мониторингті және алдын алу бағдарламаларының нәтижелілігін бағалауды жүзеге асырады;
4) АИТВ-індеті мен оның таралуына эпидемиологиялық мониторингтің ұйымдастырылуын және өткізілуін, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларға талдауды жүзеге асырады;
5) халықтың осал топтарының арасында АИТВ-індетінің таралуына эпидемиологиялық бақылаудың (ТЭБ) ұйымдастырылып, өткізілуін жүзеге асырады;
6) АИТВ-індеті мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқытады, медициналық ұйымдардың персоналдары мен науқастарының АИТВ-індетін жұқтырудың алдын алу бойынша кеңестік көмек көрсетеді;
7) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты АИТВ-індетінің таралу жолдары мен алдын алу жайында ақпараттандырып, халықтың әртүрлі топтарына ақпараттық материалдардың әзірленіп, таралуын жүзеге асырады;
8) АИТВ-жұқтырылғандарға тегін медициналық көмектік кепілді көлемі аясында медициналық көмектің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

9) тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес беру қызметтерінің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

10) көрсеткіштер болған жағдайда қатынастан кейінгі антиретровирусты терапияға халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
11) АИТВ-індетінің анадан балаға берілу қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады;

12) медициналық қызмет сапасына ішкі бақылау жүргізіп, науқастарды қолдау қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді;

Облыстық ЖИТС орталығында барлығы 152 адам жұмыс істейді, оның ішінде: дәрігерлер – 40, жоғары медициналық емес білімі бар – 24, орта медицина қызметкерлері – 50, кіші медициналық персоналдар – 12 жеке тұлға, басқалары – 26 жеке тұлға.

Жоғары санатты дәрігер – 17, 1 санатты – 3 дәрігер, 2 санатты – 2. Орта медицина қызметкерлері: жоғары санатты – 24, 1 санатты – 8, 2 санатты – 4.

Облыстық ЖИТС орталығының ғимараты Төле би даңғылының № 64 «Г» мекенжайында орналасқан. 2 корпусы бар: «А» 2 қабатты және «Б» 2 қабатты.

Орталық құрамында:

  1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлім;
  2. Есеп-санақ бөлімі;
  3. 3. Алдын алу бөлімі;
  4. АИТВ-індетін компьютерлік қадағалау бөлімі;
  5. Сенім және шприц алмастыру пункті;
  6. АИТВ-індетін эпидемиологиялық қадағалау бөлімі;
  7. Емдеу-алдын алу бөлімі;
  8. Психоәлеуметтік кеңес беру және құпия тест тапсыру кабинеті;
  9. Достық кабинеті;
  10. Иммуноферментті талдау зертханасы (ИФТ) бар.

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы 1989 жылдың қазан айында құрылған. 1990 жылы Орталық құрамына 1988 жылдан бастап адам қанындағы антиденелер мен иммун тапшылығы вирусын зерттеумен айналысатын «Химиктер» ауруханасының иммунологиялық зертханасы кірді. Орталықтың ұйымдастырушылары эпидемиолог дәрігерлер: Перзадаев Рамиль  Оспанович (1989-1996ж.ж. бас дәрігер), Аймагамбетова Инжу Бекетовна (АИТВ-індетін эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі), Спивачевская Любовь Николаевна – емдеу бөлімінің инфекционист дәрігері, Скакова Рабиға Аралбековна, Заудинова Арзигуль Усмановна – зертханашы фельдшерлер.

1990 жылы АИТВ-індетінің алғашқы жағдайы Жамбыл облысында оқуда жүрген Зимбабве Республикасының азаматында анықталған.

1992 жылы облыстық ЖИТС орталығында Мәскеу ЖИТС орталығының, Новосибирск вакциналар мен сарысу ҒЗИ, ҚазМДЖИ және КИМЭБ орта азиялық обаға қарсы институтының және облыстық ЖИТС орталықтарының басшыларының қатысуымен ІІ-ші конференция болып өтті.

Ажакаев Қанатбек Қабылович  1996 жылдан 2016 жылдың қыркүйек айына дейін Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері қызметін атқарған. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері қызметіне Исмагулов Ерлан Тололиевич тағайындалды.

Өмірбаян

Ажакаев Қанатбек Қабылович – 1951 жылы туылған, 1977 жылы Қағанды мемлекеттік медицина институты санитарлық-гигиеналық факультетін санитария, эпидемиология, гигиена мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылдан 2016 жылға дейін Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері қызметін атқарған.

Ажакаев Қ.Қ. жоғары санатты дәрігер, «Гиппократа» төсбелгісімен мрапатталған, үнемі өзінің кәсіби білімін жоғарылатып, тәжірибеге ендіріп отырады. Еңбексүйгіш, өзіне талап қойғыш, қойылған міндеттерді шешуде бірізді, әріптестер арасында сый-құрметке ие, адамдармен әдепті және сауатты жұмыс істейді.

Ажакаев Қ.Қ. облыс халқының арасында ауқымды санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізеді. Жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарына АИТВ-індетінің алдын алу мәселелері бойынша теледидардан, радиодан сұхбат береді, мақалалары «Знамя труда», «Ақ жол», «Жамбыл – Тараз», «Магнолия» газеттерінде,  «Ординатор» журналында орыс және қазақ тілдерінде жарияланған.

Өмірбаян

Перзадаев Рамиль Оспанович 01.01.1953 жылы туылған, жұмыс өтілі 38 жыл, эпидемиолог-дәрігер мамандығы бойынша – 32 жыл.

1976 жылдың шілдесінен бастап Жаңатас СЭС-ның бас дәрігері қызметіне тағайындалған. 1982 жылдан бастап Жамбыл облыстық СЭС ошақтық заласыздандыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының негізін қалаушы.

1989 жылдың қазан айынан 1996 жылдың маусым айына дейін облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалып, 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы АИТВ-індетін эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 1997 жылдан бері эпидемиолог мамандығы бойынша жоғары санатқа ие.

2003 жылдан бері «Тараз-Анти ВИЧ» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы және төрағасы болып табылады. Қоғамдық бірлестік «Жамбыл облысының үздік ҮЕҰ «2005 жылдың әлеуметтік жұлдызы» номинанты болып табылады. Осы жылдары Жамбыл облысында конференциялар мен мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату курстарында білім беру саласының 10000-ға жуық оқытушысы, ЕААҰ-ның, облыстық ЖИТС орталығының, «Тараз-Анти ВИЧ» ҚБ-нің 58 маманы дайындалды. АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері бойынша республикалық, облыстық және қалалық конференциялар мен семинарлардың дайындалуы мен өткізілуіне үнемі қатысады. Ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласады.

Облыстық ЖИТС орталығында жұмыс жасау кезінде өзін белсенді, сауатты, мәдениетті маман ретінде көрсете білді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің, Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен марапатталған.

Еңбексүйгіш, өзіне талап қойғыш, қойылған міндеттерді шешуде бірізді, әріптестерінің арасында сый-құрметке ие, кеңес беру мәселелері бойынша облыс халқымен мәдениетті жұмыс істейді, халықтың осал топтарының арасында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың жүргізілуін үнемі ұйымдастырып отырады.

                                         

Өмірбаян

Спивачевская Любовь Николаевна 1951 жылы туылған, 1977 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатрия факультетін тәмамдаған. 2005 жылы Тараз қаласы «Әулие-Ата» университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.

Интернатураны аяқтағаннан кейін Жамбыл ОАА-да балалар дәрігері қызметін атқарған. 1981 жылдан 1994 жылға дейін № 1 қалалық балалар емханасында инфекциялық аурулар кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1994 жылы қызметтік ауыстыру тәртібімен облыстық ЖИТС орталығының диспансерлік бөлім меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

Спивачевская Л.Н. үнемі өзінің кәсіби білімін жоғарылатып, оны тәжірибеге ендіріп отырады.

Еңбексүйгіш, қағидашыл, өзіне талап қойғыш, жігерлі, бастамашыл, талапкер адам. АИТВ-жұқтырылғандар мен ЖИТС науқастарына, АИТВ-індеті бойынша байланыстыларға диспансерлік қадағалауды сауатты әрі әдепті жүргізеді. Оларға зертханалық және клиникалық зерттеулердің барлық түрлерін қамтамасыз етеді, АИТВ-жұқтырылғандарға медициналық, паливтивті көмек көрсетеді. АИТВ-жұқтырылғандармен «сенімді дәрігер» қағидасын ұстанады, мұндайда науқастар өз мәселелерін нақты дәрігерге еркін айта алады. АИТВ-жұқтырылғандардың АРВ-терапиясына бейілділігі бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Антиретровирусты препараттармен (АРВ) емдеу науқастың қолхатымен расталып, ақпаратталған келісімі бойынша ғана тағайындалады. АИТВ-жұқтырылғандар мен ЖИТС науқастарын арнайы қолдап-қорғау шараларын жүзеге асырады. Әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік көмек көрсетеді. АИТВ-жұқтырылғандарды жұмысқа тұрғызу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмысбастылықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен жұмыс істейді.

Спивачевская Л.Н. үнемі АИТВ-індетінің анықталуы, диагностикасы, клиникалық ағымы, емдеу, алдын алу мәселелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдарында ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жүргізеді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ЕААҰ мен ҚТЖКБ медициналық мекемелерінің дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерінің семинарларына, аттестацияларына қатысады.

БАҚ қатысады: теледидар, радио, «Знамя труда», «Жамбыл-Тараз», «Магнолия», «Ак-Жол» газеттеріне мақала жариялайды. ЖИТС-сервистік ҮЕҰ-мен, сондай-ақ қызметі медициналық бағытталған ҮЕҰ-мен жұмыс істейді.

Ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласады, кәсіподақ комитетінің төрайымы болып табылады. Бірнеше рет әкімшілік алғыс хаттары жарияланған, 12 мақтау грамотасы бар: Денсаулық сақтау Министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, ҚР Кәсіподақ Федерациясы, денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитеті.