Бүгін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында аталмыш орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай әріптестерін шын жүректен айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар дәрігерлермен мейірбекерлерді құрмет громатасымен марапаттады.
30 тамыз – ардақты Ата Заңымыз, басты құқықтық құжатымыз қабылданған күн!
Бүгінгі күні әр азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!