Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Қордай аудандық орталық ауруханасы және перзентхана бөлімінде, орталық ауруханасына қарасты емханасындағы медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясын алдын алу және одан сақтану мақсатында семинар жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жадынамалық түсіндірме парақшалар таратылды. Сондай-ақ, орталықтың дәрігерлері Жамбыл облысы бойынша соңғы алты айдың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Жиынға 40-ға жуық медицина қызметкерлері қатысты. Орталықтың эпидемиолог дәрігерлері Айнур Тұрғынбаева, Виктор Когай баяндама жасады.