Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Садыхан» облыстық клиникалық-диагностикалық медициналық орталығындағы дәріс

2021 жылдың 17 қарашасында Жамбыл облыстық «Садыхан» клиникалық-диагностикалық медициналық орталығының медицина қызметкерлері үшін Дүниежүзілік ЖИТС қарсы науқанға арналған дәріс өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жиналғандарды ЖИТС қарсы Дүниежүзілік науқанның мақсаттары мен міндеттері, халықты АИТВ-инфекциясына уақтылы скринингтік тексерудің маңыздылығы, адам құқықтары туралы және АИТВ ерікті, құпия тегін негізде тестілеу мүмкіндігі бар екендігі, медициналық мекемелерде АИТВ өмір сүретін адамдарды стигмалау және кемсіту туралы  ақпарат берді. Шара салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетімен бірлесіп өткізілді. ЖТД мамандары мен олардың медбикелері қатысты.