Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Салауатты ұрпақ – 2025: Әйелдерге арналған семинар-кеңес өткізілді

🔹Репродуктивтік денсаулық апталығына орай Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова Байзақ аудандық орталық емханасында “Әйелдер денсаулығы“ тақырыбында жүкті әйелдерге арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шараға болашақ аналар мен акушер-гинеколог мамандары қатысты.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі туралы хабардарлығын арттыру, тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру және өмірдің барлық кезеңінде өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру.
🔹Семинар барысында И. Досымова АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жұқтыру қауіпі, алдын алу шаралары және жүктілік кезіндегі ананың денсаулығын бақылаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, ол ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін ерте диагностика мен тұрақты тексерулердің маңызды екенін ерекше атап өтті.
🔹Шара барысында Байзақ аудандық емханасының гинеколог маманы М. Қожахмет әйелдерге жүктіліктің алдын ала жоспарлануы, өмір салтын дұрыс ұстану, тамақтану тәртібі, қажетті дәрумендерді қабылдау жөнінде нақты дәрігерлік кеңестер берді. Сонымен қатар ол әрбір әйелдің денсаулығы – болашақ ұрпақтың саулығының кепілі екенін тілге тиек етті.
✅Семинар соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан нақты жауаптар мен кеңестер берілді.