🔹Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз қаласындағы филиалында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-семинарлық кездесу өтті. Іс-шараға орталықтың эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаева мен психолог маманы М. Бегманова қатысып, жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы кеңінен ақпарат берді.
🔹Семинар барысында мамандар қатысушыларға репродуктивті денсаулықтың маңыздылығын, оның адамның жалпы өмір сапасына және болашақ отбасылық өміріне тигізетін әсерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, жыныстық қарым-қатынасқа ерте жастан түсу салдарлары, әсіресе, психологиялық және медициналық тұрғыда мысалдар келтірілді.
🔹Психолог маман М. Бегманова жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, саналы таңдау жасау қажеттігі туралы сөз қозғап, сенімді қарым-қатынас пен өзін-өзі бағалаудың маңызын атап өтті. Ал, дәрігер-эпидемиолог С. Дулатбаева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, одан қорғану әдістері және дер кезінде тексерілудің қажеттілігі туралы толық ақпарат берді.
✅Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.
Салауатты ұрпақ – 2025: АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті
