🔹Репродуктивті денсаулық апталығына орай Тараз қаласындағы М.Әуезов атындағы №33 мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін ерекше дәріс ұйымдастырылды. Шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г.Шамурзаева өткізді.
🔹Бұл шаралардың басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ мен ЖЖБИ-дің алдын алу бойынша кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹Дәріс барысында оқушылар АИТВ инфекциясы туралы толық ақпарат алды: жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері және инфекцияның адам ағзасына әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
🔹Сонымен қатар 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні екенін атап өтті. Одан әрі «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбын қозғап, әр адамға құрметпен қараудың маңызын түсіндірді.
✅Бұл шара жасөспірімдердің жауапкершілік пен адамгершілік туралы түсінігін кеңейтті және салауатты өмір салтына бағыттады.
Салауатты ұрпақ – 2025: Жастармен маңызды кездесу өтті
