🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет атқаратын әскери қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
🔹Шараның негізгі мақсаты – адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының алдын алу, әскери қызметшілер арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын дәріптеу.
🔹Кездесуге орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Науанова қатысып, АИТВ инфекциясы жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынды. Мамандар инфекцияның жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, ерте диагностиканың маңыздылығы және стигма мен кемсітушілік мәселелері жөнінде нақты түсініктеме берді.
🔹Мамандар АИТВ ерте анықтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Уақытылы басталған антиретровирустық терапия науқасқа ұзақ әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді және инфекцияның таралу азайтады. Ал, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғам тарапынан жиі кездесетін көзқарас – әлеуметтік мәселе. Мамандар бұл мәселені ашық айтып, кемсітушілікті болдырмау қоғам алдындағы ортақ міндет екенін жеткізді. Әскери қызметшілер мамандарға өздерін сауалдарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
🔹Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері ЖИТС орталығы мамандарына алғыс білдіріп, мұндай шаралардың әскери қызметкерлердің денсаулығына деген жауапкершілікті арттыратынын және жұқпалы аурулардың алдын алуда маңызы зор екенін атап өтті.