🔰3 сәуір күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы, эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ жұқтырғандарға қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар өткізді.
🔹Іс-шара Тараз қаласындағы перинаталдық орталықта өтті, оған 38 маман қатысты. Семинар барысында Дуйсенкуль Ескермесовна АИТВ-инфекциясы туралы қоғамдағы теріс пікірлер мен кемсітушілікке қарсы күресу жолдарын талқылады. Ол медициналық қызметкерлердің осы мәселелерге қатысты науқастарға деген адами көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
✅Семинарға қатысушылар АИТВ туралы қоғамдық қабылдауды жақсарту үшін стигманы жоюдың маңызды қадамдары жайында пікір алмасты.
«Стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар өтті
