Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттеріне ақпараттық іс- шарасын өткізді.
Бұл шараның мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясының таралуы, оны алдын алу шаралары мен орталықтың алдын алу бағытындағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Шара барысында мамандар білімгерлерге АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, мамандар студенттерге АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге шақырып, тестілеуді ерікті және құпия түрде өту мүмкіндіктерін ұсынды.
 Сонымен қатар, олар АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен сақтану шараларын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.