🔹Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында кезекті жиын өтті.
🔹Жиынға орталықтың басшылық құрамы мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде мекеме ішіндегі комплеанс жүйесінің енгізілуі және оның алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
🔹Жиын барысында орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы жаңадан тағайындалған комплеанс офицері Есдәулетова Мадина Жұманқызымен ұжымды таныстырды. Ол жаңа қызметкерге сәттілік тілеп, мекеме ішіндегі адалдық қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолындағы жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
🔹Өз кезегінде комплеанс офицері Есдәулетова Мадина Жұманқызы ұжымға комплеанс қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және этикалық нормаларды сақтау жөніндегі алдын алу шараларын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, комплеанс бойынша ішкі бақылау тетіктері мен хабарлау арналары туралы ақпаратпен бөлісті.
✅Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты бағыттар белгіленді.