Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында жемқорлық қаупіне қатысты ішкі сараптама жүргізілуде. Аталған жұмыстың негізгі мақсаты – мекемедегі жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оның алдын алу тетіктерін жетілдіру.
Осыған байланысты, орталықтың комплаенс қызметінің маманы Мадина Есдәулетова АИТВ-ға қарсы алдын алу және емдеу бөлімінің ұжымымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында маман қатысушыларды ашық пікір алмасуға шақырып, барлық сұрақтарға нақты жауап берді.
Қосымша ақпарат немесе жеке кеңес қажет болған жағдайда комплаенс офицеріне тікелей хабарласуға болады.