Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы, Ажибаев Айбек Иткараевичтің қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша  кездесу өтті.

Кездесу барысында А.Ажибаев мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, заң бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу бойынша жұмыстарды атап өтті.  Сонымен қатар, комплаенс қызметінің саясатын егжей-тегжейлі түсіндіріп, мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу және сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше мән беруді ұсынды.

Кездесу соңында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Джарлықасынұлы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, қызметкерлер арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды болдырмауды  қатаң өз бақылауына алатындығын айтты.