🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Т.Рысқұлов және Меркі ауданының полиция бөлімшесі қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жұғу себептері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынды.
Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, инфекцияның алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды. Әсіресе, әрбір адамның өз АИТВ мәртебесін білуі – дерттің алдын алудағы маңызды қадам екені түсіндірілді.
✅Кездесу соңында полиция қызметкері ерікті түрде АИТВ-ға тестілеуден өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мейірағасы Р.Қуанышбеков қызметкерден қан үлгілерін ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен алды. Нәтижесінде:Т.Рысқұлов ауданының полиция қызметкерлерінен 20 ИФТ, 8 ЭТ алынып, 15 дана ақпараттық парақша таратылды. Ал, Меркі ауданының полияция қызметкерлерінен 37 ИФТ, 1 ЭТ, 30 дана инфекциясының алдын алу және қорғану жолдары туралы ақпараттық парақшалар таратылды.
Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының полиция қызметкерлеріне өткізілген іс-шара
