Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Тараз-Ғасыр» колледжінде АИТВ-ның алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары «Тараз-Ғасыр» колледжінің білім алушыларымен АИТВ инфекциясының алдын алу жолдарын түсіндіруге арналған семинар өткізді.

Аталған шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маман М. Бегманова қатысып, АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар аурудың берілу жолдары, қорғану тәсілдері, емделу мүмкіндіктері, сондай-ақ қоғамда жиі кездесетін стигма мен кемсітушілік туралы кең көлемде ақпарат алды.

Мамандар жастарды денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу кезінде студенттер сауалдарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар ала алды.

Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ-дан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар кез келген азамат Жамбыл облыстық ЖИТС орталығына анонимді түрде келіп, АИТВ-ға тегін тест тапсыра алатынын атап өтті. Бұл – ерте анықтау мен алдын алудың маңызды қадамы.