Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Жамбыл аудандық орталық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығы
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен жастарға арналған ақпараттық акция ұйымдастырды.
Акцияның негізгі мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ғылыми негізделген ақпаратпен қамтамасыз ету, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін нығайту және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Шара барысында мамандар жастармен ашық диалог жүргізіп, АИТВ-ның жұғу және жұқтырмау жолдарын түсіндірді.
Қатысушыларға арнайы ақпараттық бүктемелер, жадынамалар таратылып, алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.