2020 жылдың 15 мамырында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Бегманова Мереке Дүниежүзілік ЖИТС -тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған телевизиялық бағдарламаға қатысты. Тілші Шерхан Мұратбек ЖИТС-тің  өзектілігі, халық ішінде, әсіресе жастар арасында алдын алу шаралары туралы сұрақтар қойды. Маман инфекцияның таралу жолдары мен АИТВ тестілеу түрлері, қызыл лента не бейнелейтінін, стигма мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік туралы айтты. Бағдарлама мемлекеттік тілде жүргізіліп, 20 минутқа созылды.