Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық көпбейінді  балалар ауруханасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

2025 жылғы 23 қыркүйекте Жамбыл облыстық көпбейінді  балалар ауруханасында «Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ-ке тестілеу қағидалары. №2 нысан. АИТВ-инфекциясының және кәсіби жұқтырудың алдын алу. Апатты жағдайлар. АИТВ-инфекциясына байланысты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар екі негізгі блокта өтті: Хирургиялық блок және соматикалық блокта.

Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралуын болдырмау, кәсіби жұқтырудың алдын алу, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру және инфекцияның алдын алу шараларын кеңінен түсіндіру.

Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері И.Дегтерева мен дәрігер-инфекционист Г.Темірбекова жүргізді.

Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды: Қазақстан және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ инфекциясын анықтау мақсатындағы тестілеу қағидалары мен №2 есеп нысанын толтыру тәртібі;Медицина қызметкерлері үшін кәсіби қауіп төндіретін жағдайлар және апаттық оқиғалар кезінде әрекет ету ережелері;АИТВ-мен байланысты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика әдістері.

Жалпы қатысушылар саны – 144 медицина қызметкері.