3-4 сәуір күндері Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары, инфекционист дәрігері Г.Темірбекова және эпидемиолог дәрігері Д.Абдраманова Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы мониторингтік сапар жасап, семинар өткізді.
Сапар барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың тиімділігін талдап, қызметкерлермен бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, инфекцияның таралуын төмендету мақсатында перинаталдық орталықта жүзеге асырылып жатқан алдын алу іс-шаралары қарастырылды. Дәрігерлер АИТВ инфекциясын анадан балаға берілмеуін болдырмау бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.
3 сәуір күні өткен семинарда Гулмира Қуандыковна «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуін алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Ол әртүрлі алдын алу әдістері мен емдеу бағдарламаларының тиімділігі туралы кеңестер беріп, дәрігерлерге осы бағыттағы жұмысты жақсартуға арналған ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, аталған инфекциялардың ерте анықталуы мен емделуінің маңыздылығын атап өтті.
4 сәуірде өткізілген семинар барысында Дуйсенкуль Ескермесовна «Стигма және кемсітушілік» тақырыбы бойынша ақпарат берді. АИТВ-инфекциясы туралы қоғамдағы теріс пікірлер мен кемсітушілікке қарсы күресу жолдарын талқылады. Ол медициналық қызметкерлердің осы мәселелерге қатысты науқастарға деген адами көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Семинарға қатысушылар АИТВ туралы қоғамдық қабылдауды жақсарту үшін стигманы жоюдың маңызды қадамдары жайында пікір алмасты.
Семинардың қорытындысы бойынша, орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері талданды. Алдағы уақытта болатын алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.