Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облысының педагогтарына АИТВ туралы дәріс

2021 жылдың 22 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз орталығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Басқарманың бас маманы Амангелдина Эльмираның қатысуымен «Жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында онлайн форматта дәріс өткізілді. Бұл мәселе тек сынып жетекшілері үшін ғана емес, сонымен қатар психологтар үшін де өзекті, өйткені жасөспірімдер ата-аналарымен нәзік мәселелерді талқылаудан гөрі олармен ашық сөйлесуге бейім. АИТВ – инфекциясының берілу жолдары туралы аңыздар мен пікірлерді болдырмау үшін, ғылыми дәлелденген ақпаратпен қамтамасыз ету өте маңызды. ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Ысқақ Мейіржан АИТВ берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтса, психолог Бегманова Мереке АИТВ-инфекциясының психологиялық және моральдық аспектілеріне, АИТВ алдын алудағы ересектердің, оның ішінде ата-аналардың ықпалына тоқталды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен 100 орта мектеп қамтылды.