Тараз қаласының №2 Қалалық емхананың “Жан-Нұр” жастар денсаулық орталығының білікті психолог мамандарымен облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымованың ұйымдастыруымен “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты тақырыпта кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Индира Мумархановна АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, бүктемелер таратты.
Сонымен қатар, “Жан-Нұр” жастар денсаулық орталығының мамандарын осындай іс-шаралармен халықты хабардарлығын арттыру үшін жұмыс жасауға шақырды.