14 маусымда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы №2 қалалық емхана жанынан (Тараз қ., Салтанат ш. а. 29) инъекциялық есірткіні тұтынушыларға (ИЕТ) арналған жаңа стационарлық сенім пунктін (ССП) ашты.
Сенім пункті көрсететін қызметтер:
Құпия, жасырын, тегін, ерікті
– шприцтер, мүшеқаптар тарату;
– беру жолдары мен алдын алу шаралары бойынша психоәлеуметтік кеңес беру;
– АИТВ жедел әдіспен тестілеу (саусақтан қан);
-АИТВ, мерезге, хламидияға, В, С гепатиттеріне қанды иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен зерттеу (көктамырдан қан);
– ақпараттық-білім беру материалдарын тарату;
Ғимараттың оң жағындағы сүзгі жағынан кіру.
Жұмыс кестесі: 09-дан 17-15-ке дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.