14 маусымда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы №2 қалалық емхана жанынан (Тараз қ., Салтанат ш. а. 29) инъекциялық есірткіні тұтынушыларға (ИЕТ) арналған жаңа стационарлық сенім пунктін (ССП) ашты.

Сенім пункті көрсететін қызметтер:

 Құпия, жасырын, тегін, ерікті

– шприцтер, мүшеқаптар тарату;

– беру жолдары мен алдын алу шаралары бойынша психоәлеуметтік кеңес беру;

– АИТВ жедел әдіспен тестілеу (саусақтан қан);

-АИТВ, мерезге, хламидияға, В, С гепатиттеріне қанды иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен зерттеу (көктамырдан қан);

– ақпараттық-білім беру материалдарын тарату;

Ғимараттың оң жағындағы сүзгі жағынан кіру.

Жұмыс кестесі: 09-дан 17-15-ке дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.