Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу

🔰 2025 жылдың 22 шілдесі күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

📚 Іс-шараға Абай атындағы кітапхана мамандары, орталық қызметкерлері, сондай-ақ қала жастары қатысты. Кездесу барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Бегманова Мереке Сабитовна АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары мен алдын алу тәсілдері бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға ақпараттық-білімдік бүктемелер мен парақшалар таратты.

🧠 Психологтың баяндамасында жыныстық сауаттылықтың маңыздылығы, жауапты мінез-құлықтың қалыптасуы, репродуктивті денсаулықты сақтау, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүрудің қазіргі заманғы ерекшеліктері мен кемсітушілікпен күресудің жолдары кеңінен қозғалды. Қатысушылармен ашық пікір алмасу өткізіліп, жасөспірімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, олардың жыныстық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өмірлік маңызды шешімдерді саналы түрде қабылдауға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулықты сақтау мен оның маңыздылығы туралы терең әрі жан-жақты ақпарат беру көзделді.