🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова Тараз темір жол көлігі және коммуникациялар колледжінің студенттеріне арнап «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Шара барысында жастарға бейнероликтер көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәріс кезінде студенттерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен оның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹 Облыстық ЖИТС орталығының маманы жастарға жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарлары мен АИТВ, ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді. Іс-шара аясында өз еркімен ниет білдірушілерден экспресс-тест алынып, ақпараттық материалдар таратылды.
🔹 Мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жастарды індетке қарсы күресте бірлікке шақырды.
Жастардың репродуктивті сауатын арттыру жолында
