Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастармен семинар өтті

 

2025 жылдың 16 қыркүйек күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне арналған маңызды семинар өткізілді.

🧭 Шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтті және екі өзекті тақырыпты қамтыды:
• «Нашақорлықпен құқықбұзушылықтың алдын алу – жастардың болашағы үшін»
• «АИТВ инфекциясының алдын алу»

🧠 АИТВ туралы не айтылды?

Семинар барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жастарға АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Психолог М. Бегманова жастармен ашық диалог жүргізіп, АИТВ туралы қоғамда қалыптасқан стигмалар мен қате түсініктерді жоюдың маңыздылығын атап өтті. Ол АИТВ-ның жұғу жолдары, қауіп факторлары, жеке жауапкершілік пен салауатты өмір салты жайлы кеңес берді.

🧬 Сонымен қатар, АИТВ-ның:
• қан арқылы,
• қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде,
• анадан балаға берілу жолдары түсіндірілді.

🌿 Ерте диагностиканың маңыздылығы ерекше аталып өтті. Уақытылы тестілеу арқылы анықталған жағдайда антиретровирустық терапия науқасқа ұзақ әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік беретіні айтылды. АИТВ жұқтырған адамдар толыққанды өмір сүре алатыны және қоғам тарапынан кемсітушілікке ұшырамауы тиіс екені баса айтылды.

📄 Мейірбике Г. Иманбаева қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратып, инфекцияның алдын алу бойынша нақты ұсынымдармен бөлісті. Жастар өздерінің сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.