Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласының жастары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара жастардың АИТВ/ЖИТС туралы білімін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

🔹Мобильді топ қаладағы оқу орындары мен жастар көп шоғырланатын орындарды аралап, жастарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте анықтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді.

✅Жастар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар алды.