Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жеке құрам арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Луговая теміржол стансасында орналасқан әскери гарнизонның ұшу бөлімшесі мен әуе қорғанысы әскери бөлімдерінде болды. Жеке құрам арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹Іс-шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова қатысып, әскери қызметшілерге АИТВ-инфекциясының таралуы, жұғу жолдары мен сақтану шаралары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
🔹Кездесу барысында әскери қызметшілерге инфекцияның жұғу жолдары жөнінде толық ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы да сөз қозғалды.
🔹Іс-шара аясында АИТВ-ға тестілеу ұйымдастырылып, Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мейірағасы Р.Қуанышбеков 119 әскери қызметкерден ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен қан алды.
✅Соңында әскери қызметшілерге 70 дана ақпараттық брошюра таратылды. Қызметкерлер тарапынан бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытылып, сұрақ-жауаптар болды.