ЖИТС кезіндегі психикалық бұзылыстар

(ЖИТС, ағылш. AIDS) – аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы – адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ) Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организімінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекциямен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады.
АИТВ/ЖИТС ең алғаш 1981 жылы АҚШ –та тіркелген. АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) вирусынан туындайды. Жұқпа ағзаға түскенде адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйесін зақымдайды. Иммундық жүйе зақымданған кезде адам организмінің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді.Тіпті, сау қорғаныш жүйелері тез жеңетін әдеттегі жеңіл аурулардың соңы асқынып, қатерге соқтыруы мүмкін.
Әрбір адам жынысына, жасына, ұлтына қарамастан АИТВ –ны жұқтыруы әбден мүмкін. АИТВ вирусы оны жұқтырған адамда іштей дамып, бірнеше жылдар бойы білінбеуі де ықтимал.
Жұғу жолдары: АИТВ жұқтырған адам- жұқпаны (вирус) жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, жұқпа тасмалдаушылар өте қауіпті. АИТВ жұқпасы көп мөлшерде қанда, шәует (сперма) сұйығында, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады.
АИТВ/ЖИТС жұқпасын жұқтыру кезіндегі психикалық бұзылыстар екі түрлі фактормен көрінеді.
1.Жалпы улану және нейрондарының зақымдануы;
2.Дауасыз ауру екенін білгеннен кейінгі психикалық күйзеліс. Аталған факторлар аурудың өршуіне себеп болады. Психикалық бұзылыс АИТВ диагнозы қойылғанан кейін науқас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Жазылмайтын ауруға душар болғанын білген соң дамитын психикалык стресс. Психологиялық реакциялар өте тез дамиды: беймаздық, күмәншілдік, эмоционалды тұрақсыз, ренжігіш болып келеді.
Клиникасы: Орталық жүйке жүйесінің нейрондарды зақымдаушы нейротропты жұпа әсерінен науқастың иммунитеті төмендеуі нәтижесінде психикалық ауытқу пайда болады. Инкубациялық кезеңі 1ай – 5жыл. Көп деген науқастарда манифестацияға дейін апатия, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің төмендеуі пайда болады. Бұл аурудың алғашқы сатысынан бастап психогенді бұзылыстар невротикалық немесе психикалық түрде болады. Науқастар ЖИТС-пен ауыратынын білгеннен кейін бірден депрессияға, өзін-өзі кінәлауға, бұл жағдайдан шыға алмауына, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға тырысады. Науқастарда дисфория, есалаң сияқты мінез-құлықтар пайда болады, ашуланшақ кейде ұстамалы аурулар болады. Өзінің ауруын момойындағанан кейін симптомдар күшейе түседі. Бұл кезде ажитация, ұйқының бұзылуы, анорекция, үрейдің басым болуы, тіпті дәрігерді ұрып жіберуі мүмкін.
Диагностикасы: АИТВ/ЖИТС жұқтыру кезеңінде психикалық бұзылысты невротикалық спидофобиялық синдромнан ажыратып алу керек.
Анализдер тапсыру керек;
Дәрігер мамандарға қаралу керек;
Психиатр дәрігердің қарауында болу керек.
Емі: Аурудың ауырлық дәрежесіне және клиникалық көрінісіне байланысты тағайындалады.
Этиотропты;
Симптоматикалық.
Қорытынды: АИТВ/ЖИТС тасмалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлық, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; АИТВ/ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Қорыта айтқанда Салауатты өмір салтын қалыптастырып, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, зиянды әдеттер арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі АИТВ/ЖИТС-тен қорғай алады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының №11сенім пуктінің психологы Сунгибаев Бауыржан Мэлсулы.