ЖИТС орталығы 42-мектепте семинар өткізді Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Тараз қаласындағы №42 орта мектепке барып, оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында танымдық семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайында ақпарат беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды. Кездесу барысында мамандар АИТВ туралы мифтер мен шындықты түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар ақпараттық буклеттер таратылып, жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және АИТВ-ның таралуының алдын алуға зор үлес қосады. #ЖИТСорталығы #АИТВ #Жамбылоблысы #42мектеп #Семинар #Денсаулық #АлдынАлу #СалауаттыӨмірСалты