🔰 Ағымдағы жылдың 10 Шілде күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Бегманова Мереке Сабитқызымен «ЖИТС-тің алдын алу – жастар денсаулығының кепілі» атты жастармен кездесу өтті.
📌Мақсаты: Жастар арасында ЖИТС-тің физикалық, психологиялық және құқықтық зияны туралы толыққанды түсінік беру, құқықтық нормалармен таныстыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және салауатты өмір салтына ынталандыру.