🔰ЖИТС орталығының мамандары, психолог М.Бегманова, №5 қалалық емхананың “Жастар денсаулық орталығы” гинеколог дәрігері А.Рустембекова студент қыздарға дәріс өткізді.
🔹Кездесу барысында “АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу” және “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыптары бойынша дәрігерлер мен психологтар жасөспірімдермен ашық пікір алмасты.
🔹Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздарға психологиялық кеңес беру, сондай-ақ оларды маңызды мәселелер бойынша ақпараттандыру болды.
ЖИТС орталығының маманы М.Бегманова жасөспірімдерге АИТВ инфекциялардың алдын алу, қауіпсіз жыныстық қатынас, денсаулықты қорғау бойынша өз кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша гинеколог А.Рустембекова жас қыздардың ағзасының ерекшеліктерін түсіндіріп, денсаулығын сақтаудың және болашақта ауыр салдардан сақтанудың жолдарын айтты.
Дәріс барысында қыздар өздерін толғандыратын мәселелермен бөлісіп, мамандардан кеңес алды.
АИТВ/ЖИТС және ерте жүктілік туралы дәріс өтті
