Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдарға АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы мониторингтік сапары жалғасын табуда.
🔹Бұл сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдардың АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарын тексеру, тиімділігін бағалау және қажет болған жағдайда көмек көрсету.
🔹ЖО ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Индира Досымова, эпидемиолог дәрігер В.Когай, инфекционист дәрігер Сауле Токбураева №5 қалалық емханасының медициналық қызметкерлері үшін семинар өткізді. ЖИТС орталығының мамандары №5 емхана қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС инфекциясын анықтау мақсатында қан сынамасын алу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Олар дәрігерлер мен медбикелерге инфекцияның таралу жолдары, белгілері мен алдын алу туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, науқастардан қандай жағдайларда АИТВ инфекциясына қан сынамасын алу қажеттігін айтты. Індет анықталған жағдайда тегін медициналық көмек алады. Ал ерте анықталған науқас емделудің нәтижесінде толыққанды өмір сүреді. Мамандар мұндай тексерістерді жүргізудің маңызды екенін және оларды жүргізгенде медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
🔹Сондай-ақ, семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері де талқыланды. Мұндай мәселелер қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыру және АИТВ жұқтырған адамдарға деген қарым-қатынасты жақсарту үшін өте маңызды. Семинарға өз білімдерін жетілдіріп, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.