Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психолог маманы М.Бегманова және «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығының психологы Г.Қалдыбаева бірлесіп, жоспарға сәйкес Шөлдала ауылында орналасқан №55 орта мектебінің оқушыларына дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жастар арасында дұрыс ақпаратты таратып, оларға қауіпсіз өмір салтын ұстануға үйрету.
Іс-шара барысында дәрігерлер АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен айтып берді. Сонымен қатар, олар жастардың психологиялық тұрғыдан осы мәселе туралы сауаттылығын арттырып, дұрыс шешімдер қабылдай алатын жағдай жасауға бағытталған кеңестер берді.
Іс-шараның соңында жастарға АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттық материалдар таратып, олардың сауалдарына жауап берілді.