Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

🔰Т.Рысқұлов ауданының педагог-психологтарына АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

 

🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Т.Рысқұлов ауданына қарасты Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде семинар ұйымдастырды. Іс-шара мектеп педагогтері мен психолог мамандарына арналып, АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу, сақтану жолдары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын арттыру мақсатында өткізілді.
🔹Іс-шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова қатысты. Олар қатысушыларға АИТВ-инфекциясының қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуалы, оның жұғу жолдары, таралу себептері және аурудың алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
🔹Семинар барысында Сара Шадиярбекқызы Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-ның таралу көрсеткіштері мен оның жастар мен жасөспірімдер арасындағы өсу үрдісіне тоқталды. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында алдын алу шараларын күшейтудің өзектілігі, ақпараттық жұмыс пен ата-аналар мен педагогтердің рөлі ерекше атап өтілді.
🔹Психолог маман Мереке Сәбитқызы қатысушыларды жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтау, оларды әлеуметке бейімдеу жолдары, сондай-ақ қауіп төндіретін жыныстық мінез-құлықтың астарында жатқан психологиялық себептермен таныстырды. Ол сондай-ақ мұндай мінез-құлықтың салдарынан туындайтын жағымсыз нәтижелерді болдырмау үшін қандай алдын алу шараларын қолдануға болатыны туралы нақты кеңестер берді.
✅Семинар соңында педагогикалық ұжым семинар ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп, осындай ақпараттық іс-шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мектеп ұжымы Жамбыл облыстық АИТВ орталығы мамандарымен тығыз әріптестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.