🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №42 орта мектебінің оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті.
🔹Дәрістің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына АИТВ мәселесі жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың білім деңгейін арттыру және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы дұрыс түсінік қалыптастыру.
🔹Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да назар аударылды.
✅Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ-ның алдын алу, оның берілу жолдары және дұрыс өмір сүру тәсілдері жайлы кеңестер ұсынылды.