Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

🔰Т. Рысқұлов ауданында педагогтер мен мектеп психологтарына АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Т. Рысқұлов ауданындағы Алихан Бөкейхан атындағы білім ордасында арнайы семинар ұйымдастырды. Шара мектеп ұстаздары мен психолог мамандарына арналды. Негізгі мақсат – АИТВ-инфекциясын алдын алу , сақтану амалдарын үйрету және ақпараттық-ағартушылық жұмыстың рөлін арттыру болды.
🔹Семинарда эпидемиолог маман С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова қатысып, тыңдаушыларға АИТВ-ның қазіргі таралу беталысы, жұғу жолдары мен себептері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, аурудың алдын алу жолдары да кеңінен түсіндірілді.
🔹Сара Шадиярбекқызы елімізде және Жамбыл өңірінде АИТВ деректерінің өсу динамикасын баяндап, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасындағы таралу үрдісіне тоқталды. Ол алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандырудың, ата-аналар мен педагогтердің жастарға түсіндіру барысында белсенді болуларының маңызын ерекше атап өтті.
🔹Психолог Мереке Сәбитқызы жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды ерте кезеңде байқау, оларды қоғамға бейімдеудің жолдары және қауіпті жыныстық мінез-құлықтың астарында жатқан психологиялық себептер туралы айтты. Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қолдануға болатын нақты тәсілдер мен ұсыныстармен бөлісті.
✅Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.